"Әлем Барысы" халықаралық турнирі де өз мәресіне жетті

"Әлем Барысы" атағын кубалық балуан Брайсон Видал жеңіп алды. Күміс жүлде 2013 жылғы Қазақстан барысы айбек Нұғымаровқа бұйырды. Қола жүлдені ресейлік балуан Максим Ширяев қанжығасына байлады.

Ең бастысы қазақ күресінің мерейі үстем болды, насихаты артып, ауқымы кеңейді. Төлтума өнерімізді әлемнің әр түкпірінен келген балуандар миллиондаған жұртқа таныстырды.

Жартылай финал жартылай қуаныш әкелді. Бір балуанымыз финалға шығып, бір балуанымыз жартылай финалдан аса алмады.

Айбек Нұғымаров ресейлік балуан Максим Ширяевті ұпай айырмашылығымен ұтты.
Ал, Бейбіт Ыстыбаев кубалық Брайсон Видалға ұпай айырмашылығымен жол берді.

Қола медаль үшін Бейбіт Ыстыбаев ресейлік балуан Максим Ширяевпен күресті.


Ал 2013 жылы "Қазақстан Барысы" атанған Айбек Нұғымаров финалда "Әлем Барысы" атағын жеңіп алу үшін Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Брайсон Видалмен белдесті. 

Бұның алдында 1/8 финалда "Әлем Барысы" турниріндегі ең ауыр балуан кубалық Брайсон Видал Ирактан келген балуан Кутаиба Хуссейн Мохан әл-Дебиден басым түсіп, ширек финалға өтті.
1/8 финалдағы соңғы жұп қазақстандық Асыл Барменов және Пәкістан балуаны Мұхаммад Арпа. Асыл Барменов қарсыласын таза жамбасқа лақтырып, ширек финалға өткен болатын.