"АрселорМиттал Теміртау" АҚ цех басшысының көлігіне оқ атылды

Сенбі күні көше қиылысында белгісіз біреу N3 цех басшысы көлігінің терезесіне оқ атты, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне қалалық ішкі істер басқармасының шығыс бөлімі мәлімдеді.

«Цех басшысы «Нива Шевроле» маркалы қызметтік көлігімен келе жатқан. Көше қиылысында өзге көлік ағынын өткізу үшін тоқтағанда, тротуарда тұрған ер адам жолаушы отыратын жақтағы терезеге резеңке оқ атқан», - дейді полициядағылар.

Әйнек шытынап кеткен. Жерден резеңке оқ табылған. Бұзақы үйлердің арасына бой тасалап үлгерген.