"АрселорМиттал Теміртау" тамыздан бастап қызметкерлердің жалақысын 25% қысқартады


"Рыноктың аса қиын шарттарына орай 2015 жылы 28 шілде күні компания Қазақстан үкіметіне, кәсіподақтарға және өз қызметкерлеріне 1-тамыздан бастап жалақыны шамамен 25 пайызға қысқарту ниеті туралы хабарлады», делінген хабарламада.
"Компания тұрақты болашағын ойлайтын болса, шығындарды азайту аса қажетті шара, екіншіден, бірталай жұмыс орнын қысқартқанша, бұл дұрыстау шара болмақ», деді "АрселорМиттал Теміртаудың" бас директоры Виджай Махадеван.
Ол атап өткендей, өндіріс шығындары құрылымында ең үлкен үлесті еңбекке ақы төлеу қоры алып отыр.
"Жалақыны қысқартудан үнемделген ақша бизнесті дамытуға, компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жұмсалмақ», деді ол.