"Цесна" корпорациясының басқарма төрағасы ауысты


Бұл туралы Қазақстанның қор биржасы мәлімдеді.

В.Фогель 2014 жылы 12 қарашадан бастап 2017 жылдың 1 наурызына дейін «Цесна» корпорациясы басқарма төрағасы болып сайланды.
Бұл қызметке Еркеғали Еденбаевтың орнына келген В.Фогель бұған дейін компания басқарма төрағасының орынбасары болды.
"Цесна" корпоарциясы Қазақстанның ірі инвестициялық компанияларының бірі болып табылады. Ол Цеснабанктің мажоритарлық акционері, азық-түлік және қаржылық компанияларға, бірқатар басқа активтерге ие.
"Цесна" корпоарциясының мажоритарлық акционері Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков болып табылады.