"Ислам мемлекеті" Еуропаға босқын түрінде террористерді жібермек ойы бар-БАҚ

Онда атап өтілгендей, ИМ содырларының жоспары туралы топ жетекшілері арасындағы кодировка мағынасын ашқан америкалық барлау қызметтері біліп қойды,террористердің ниеті туралы герман барлауы да біліп отыр.

ИМ жоспарынша, Сириядан ағылған адамдардың ішінде төрт адамнан құралған террористік топ Түркия барып, ол жерден жалған құжатпен Батыс Еуропа елдеріне аттанбақ.Әуе жайларында бақылау қатаң болғандықтан, Еуропаға жолда террористерге ұшаққа отыруға тыйым салынады.

Сарапшыларға сілтеме жасай отырып "Дойче велле" сириялық –түрік шекарасында ретсіздік кезінде босқындардың арасынан террористерді анықтау асау қиын болады деп мәлімдеуде.