"Люфтганза" А-320 ұшағымен болған апатта қаза тапқандардың жақындарына қанша өтемақы төлемек?

275 млн еуро төлейді, деп хабарлады сейсенбіде немістің "Бильд" газетінің веб-сайты.

А320 жолаушылар ұшағы Испаниядан ФГР-на ұшып келе жатқан кезде 24 наурыз күні Францияның оңтүстігінде таулы жерде құлаған.
Оның бортында 144 жолаушы және экипаждың алты мүшесі болған, бәрі де қаза болды.