"Прогресс М-27" жүк ғарыш кемесі жұмысын тоқтатты - Роскосмос

28 сәуірде Байқоңырдан ұшырылған Ресейдің "Прогресс М-27" транспорттық ғарыш кемесі жұмаға қараған түні атмосфераның тығыз қабатында жанып кетті. Бұл туралы Роскосмос мәлімдеді.


«Ғарыш кеңістігін ұлттық бақылау жүйесінің мәліметі бойынша, кеме атмосфераның тығыз қабатына еніп, жанып кетті», - деп Роскосмос өкілі мәлімдеді.
Ол атап өткендей, "Прогресс М-27" ғарыш кемесі жұма күні мск уақытымен сағат 05:04-те жұмысын тоқтатты.