"Қазақстан аруы - 2014" байқауына қатысу үшін қанша төлеу керек?

   бүкіл Қазақстан арулары үшін тегін.

Байқаудың финалына екі апта қалғанда республиканың әр қаласының сұлулары Алматыға жиналады. Ұйымдастырушылар олардың Оңтүстік астанаға келуіне, атап айтқанда, жүріп-тұруына, тамағына және басқа да шығындарына ақы төлейді. Финалға дейін үлкен дайындық жүреді, кәсіби визажистер, шаштараздар, фотосуретшілер мен дефиле және би шеберлері сұлулармен жұмыс істейді.

Қатысушылар кәсіби фото және бейне портфолио, іс-шара демеушілерінен жүлде алады, осының бәрі тегін. Ал жеңімпаз Қазақстанды  "Мисс Әлем" және "Мисс Дүниежүзі" сияқты әлемдік сұлулық байқауларында танытады. Әлемдік байқауға қатысуға қажетті шығынның бәрін (лицензия, жол жүру, күнделікті гардероб, кешкі және ұлттық көйлек, қайырымдылық аукционына арналған кәдесый және басқа) "Мисс Қазақстан" дирекциясы өз мойнына алады. "Мисс Қазақстанға" қатысқан сұлу жақсы эмоция, естен кетпес әсер алады, жаңа таныстық орын алады, үздік шеберлер ұсынған портфолио және басқа да көптеген нәрселерге ие болады.  

Естеріңізге сала кетейік, “Мисс Қазақстан” байқауының тарихында оны өткізу ережесі 2014 жылы алғаш рет өзгерді. Бұдан былай кез келген өңірден шыққан әрбір ару байқаудың "Мисс Қазақстан" (http://misskazakhstan.kz/) деген ресми сайтына өтінім бере алады. Тіркелген соң бірнеше күннің ішінде көрсетілген электрондық мекенжайға кастингке шақыру келеді. 1-30 қазан аралығында бүкіл Қазақстан бойынша өңірлік кастинг болады. Әр қаладағы іріктеуді өткізу күні мен уақыты туралы барлық ақпаратты ресми сайттан ала аласыз. 5 - 14 қараша аралығында онлайн дауыс беру болады, соның нәтижесі бойынша бес ару “Мисс Қазақстанның” финалына өтеді.

Сондай-ақ басты жаңалықтардың бірі – еліміздің алғашқы аруын таңдау болмақ. Он жеті жыл бойы елімізді танытатын лайықты аруларды таңдау тек әділ-қазыларға ғана байланысты болып келді, ал енді ұйымдастырушылар «Мисс Қазақстанды» таңдау құзіретін толықтай халықтың еншісіне берді. Құрамында шоу-бизнес әртістері Марат Оралғазин,

Әлі Оқапов, 

Луина,

Салтанат Бекжігітова

және
Илья Ильин
бар байқаудың әділ-қазылары финал барысында қатысушылардың үздік үштігін таңдайды. Әрі қарай тікелей эфирде халықтың онлайн және sms-дауыс беруі басталады. Шешуші сөз халықтың еншісінде. Әділ-қазылардың дауыс беру хаттамалары, онлайн және sms-дауыс беру хаттамалары 29 қарашада байқаудың ресми сайтында “Мисс Қазақстанды” таңдаудың әділдігі үшін ашық түрде жарияланады. Бұл сұлба жыл сайын қайталанады және қалаған адамның бәрі дауыс берудің барлық кезеңдерін көре алады. 

"Қазақстан аруы - 2012" 

Сонымен қатар, "Мисс Қазақстан" байқауының тарихында алғаш рет жеңімпазға тәж, іс-шара демеушілері ұсынған жүлде және халықаралық сұлулық байқауына берілетін жолдамадан басқа бір миллион теңге көлемінде ақшалай жүлде белгіленді.  

19 жастағы Әйгерім Қожахан "Мисс Алматы-2013" халықаралық "Мисс Бірлескен континенттер-2014" (MissUnitedContinent) сұлулық байқауында Қазақстанның атынан қатысып, ТОП-10 құрамына кірді.

Сондай-ақ Әйгерімнің қазақ ұлттық көйлегі үздік 10 көйлектің бірі деп танылды.

Әйгерім Қожахан байқаудан алған әсерімен былай деп бөлісті: "MissUnitedContinent маған естен кетпес естеліктер сыйлады. Өте риза болдым.  Бір ғана кемшілік болды, ары-бері ұшу, бірақ бұл соған тұрарлық. Бәрі өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды".

Алматылық аруымыз өңірлік Мисс Қазақстан 2014 байқауына қатысушыларға өздеріңе кәміл сеніп, асқақ мақсаттарыңа ұмтылыңдар деп ақ тілегін тіледі.   

Әйгерим Қожахан "Мисс Алматы-2013" титулының иегері, сондай-ақ өткен жылы ол Мәскеуде өткен ең беделді сұлулық байқауларының бірі «Мисс Дүниежүзіне» Қазақстанның атынан қатысты. 

" Мисс Бірлескен континенттер-2014" 1-13 қыркүйек аралығында Эквадорда өтті. Байқауға барлығы 33 қыз қатысты. Ескерте кетейік, Қазақстан бұл байқауға алғаш рет қатысты.