"Қазақстан темір жолы" құрамындағы үш компания бастапқыда қойылғаннан жоғары бағаға сатылды

қаржы министрлігінің электронды алаңшасында өткен кезекті сауда-саттық барысында сатылды, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының баспасөз қызметінен.

Оның ішінде "ЕртісСервис" ЖШС 703,8 млн теңгеге сатылды, бұл бастапқы бағадан 15% артық, "Қазығұрт-Юг" ЖШС - 960,5 млн теңгеге (бастапқыда белгіленген бағадан 1,6 есеге артық). МАК-Екібастұз" ЖШС -1,02 млрд теңгеге (бастапқы бағадан 3,6 есеге артық).

Қордан атап өткендей, сатылған компаниялар бойынша мәмілелер екі айдың ішінде аяқталады деп күтілуде.


Компаниялар 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында сатылған.