"Қазтелерадио" АҚ ҚазСат-2 резервтік спутникке ауысуға мәжбүр болды

бұзылған соң «Қазтелерадио» АҚ жер үстілік желілерін ҚазСат-2 резервтік спутнигіне ауыстырып жатыр. Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Жағдайды оңалту үшін «Қазтелерадио» АҚ мамандары шұғыл түрде жер үстілік желілерін ҚазСат-2 резервтік спутнигіне ауыстырды. 

Аналогтік және сандық эфирлік хабар тарату ҚазСат-2 спутнигінен жүзеге асырылады. 
Кабельді телевидение операторлары қабылдау құрылғысын ҚазСат-2 спутнигіне байланыстыру бойынша техникалық жұмыстарды жүргізіп жатыр. 
Intelsat-904 байланыс спутнигінің жұмысында туындаған ақаулықты Intelsat Global компаниясы анықтауда.