деді компания басқармасының төрағасы Алмасадам Сатқалиев.
"Жекешелендірудің бірінші кезеңінде сатудан шамамен 196 млн доллар табыс болады деп күтіп отырмыз, жекешелендірудің екінші кезеңі барысында 1 млрд долллар пайда алмақ ойымыз бар, олар біздің инвестициялық бағдарламаларымызды жүзеге асыруға бағытталады және тарифтің тұрақтылығын, салықтық жүктеменің төмендетілуін қамтамасыз етеді", деді ол Астанада сәрсенбіде баспасөз мәслихатында.
Ол компанияның IPO-ға 2015 жылы шықпақ ойының бар екендігін растады.
Алдында хабарланғандай, Қазақстан үкіметі 2015 жылы "Халықтық IPO" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сатуға "Самұрық-Энерго" АҚ-ның 20-25 пайыз акциясын шығармақ.