"Шарли Эбдо" апталығы төңірегіндегі дүрбелең осымен екінші күн толастамай отыр


деп жазады париждік ақпарат құралдары.
Францияның көптеген тұрғындары апталық санын үлгеріп сатып алу үшін бүгін де дүңгіршекке ашылар алдында келген.
Таяуда апталық басылымның 1 млн  данаға жуығыы сатылған. Оның 700 мыңға жуығы алғашқы екі сағатта сатылып кеткен.
«Тірі қалғандар саны» деп аталған шығарыдым сатылымда екі апта болмақ.
Сонымен қатар, француз ақпарат құралдары "Шарли Эбдо" басылымына жазылушылар саны соңғы күндері 10 мыңнан 120 мың адамға lейін артқанын мәлімдеуде.
Басылым тиражы 3 млн данадан 5 млн данаға арттырылады.
"Шарли Эбдо" басылымының нөмірі 1178 санында көзінен жас ағып тұрған Мұхаммед пайғамбар бейнеленген. Ол қолына "Je suis Charlie" ("Мен - Шарли" - ИФ) деген жазу ұстап тұр. Қара түспен жазылған басылым тақырыбы "Бәрі кешірілді" деп аталады.
Бірқатар елдер, оның ішінде Иран мен Түркия мұндай басылымды айыптады.
7 қаңтар күні Париж орталығында "Шарли Эбдо" апталығының ғимаратында оқ атылды. Теракт салдарынан 12 адам қайтыс болды, оның сегізі журналистер. Тағы 11 адам жарақат алды.
Ағалы-інілі террорист Куашилер 9 қаңтар күні өлтірілді.