Бұл туралы компания мәлімдеді.
Жаңғырту 2015 жылдың соңында аяқталмақ.
Компания мәліметі бойынша, жаңғырту нәтижесінде құс орындарының саны 151, 4 мың құс орнына артып, 1,088 млн құс орнын құрайды және жылына 250 млн данадан астам жұмыртқа өндіріледі.
Сонымен қатар, қол еңбегін жеңілдетуге, өндіріс шығынын болдырмауға, өндірісті автоматтандыру есебінен шығынды азайту арқылы өзіндің құнды қысқартуға мүмкіндік беретін заманауи қондырғы сатып алынады.
2010 жылы компания құны 702,7 млн теңге болатын «Жылына 65 млн дана қуаттылығымен жаңғыртылған құс фабрикасын дамыту және құру» бойынша бірінші инфестициялық жобаны жүзеге асырды. 2013 жылы құны 945 млн теңгені құрайтын «Құс фабрикасын жаңғырту» жобасын жүзеге асырылды. 2015 жыл ішінде 840 млн теңгенің үшінші инвестициялық жобасы жүзеге асырылады.
"Жас-Қанат 2006" ЖШС 2006 жылы құрылды. Компания тауық жұмыртқасын шығарумен айналысады.