Құпия аппаратурасы бар әскери мақсаттағы дирижабль 300 шақырымды артқа тастап, жерге құлады


Дирижабль бұдан бұрын Абердин (Мэриленд штаты) полигонынан ұшқан. Оның корпусындағы электр беретін желіде салбырап кеткен кабельдер бір-біріне тиіп,  қысқа тұйықталған.  20 мың адам жарықсыз қалды.

Басқарусыз  режімдегі ұшу аппараты құлағанға дейін 300 шақырымдай жерді артқа тастаған. БАҚ мәліметтеріне қарағанда, дирижабльдің құрылғыларымен қосқандағы құны шамамен 1 миллиард долларды құрайды.