Құпия тыңшы туралы фильм көпшілікті таңғалдырды

Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын Америка батыры осы. Стив Роджерс. Құпия тыңшы талай жаудың бетін қайырған. Бірақ, бұ жолғы дұшпаны нағыз елестің өзі.       

Американы жаруды ойлаған елестің ізіне «мен» деген жауынгерлердің бірі қалмай бәрі түседі. Бірақ, қаскөй ешбіріне де ұстатпайды. Ақырзаманның алдын-алу жолында басты кейіпкер, тіпті, өзінің әріптестерінен күдіктене бастайды.

Атыс-шабысқа толы фильмге атақты Скарлет Йоханссон да түскен. Қару асынған ару кино үшін арнайы төбелесуді де үйреніпті. Туындыда жантүршіктірер жарылыстардың көптігі сонша, оның бір студия қабырғасында түсірілгеніне сену қиын.       



Шытырман оқиғалы блокбастердіҚазақстанға «Дисней», «Базелевс» және «Сони» студияларының ресми дистрибьюторы «Меломан» компаниясы әкеліп отыр.