"Қазақстан мен Өзбекстан арасында қылмыстарға қатысы бар күдіктілерді бір-біріне өткеріп беру туралы келісімге қол қойылған",- деді І.Бақтыбаев. "Алайда Қазақстан босқандар туралы конвенция мен босқындардың мәртебесі туралы халықаралық келісімдерді де бекіткен. Бұлардың мәртебесі екі жақты келісімдерден жоғары",- деді прокурор. "Бұл жайтты өзбекстан жағы түсінеді деп сенемін",- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өзбекстандық құқық қорғаушыӨзбекстан жағының өтініші бойынша 5-шілдеде Алматыда ұсталған. Онымен бірге отбасының мүшелері де, әйелі мен төрт баласы ұсталды.
Л.Шамсутдинов Әндіжандағы оқиғаларға тәуелсіз зерттеу жүргізіп жүрген. Алайда ол Өзбекстандағы билік тарапынан құқық қорғаушылар мен журналистерге қысым көрсетіле бастаған кезде өз отанынан қашып шығуға мәжбүр болды. 12-шілдеде Қазақстан жағы Өзбекстан азаматын БҰҰ-ның босқандар істері жөніндегі бас комиссары басқармасының қорғауына өткеріп беруге шешім қабылдады.