Қураған ағаш құлап бірнеше адамды басып қалды


Бір адамды жазым қылған жуан тал көптен бері құлағалы тұрыпты. Жел тұрса шайқалып жолдан өткен жұртқа қауіп төндірген. Ақыры кешегі боранда ағаш тамырымен опырылып  өтіп бара жатқан қос көлікті жаншып тастаған. «Жигулидің» ішінде 4 адам болыпты. Үшеуі дене жарақатын алып төртіншісі тіл тартпай кеткен. Темір арасына қыстырылып қалған мәйітті алу үшін құтқарушыларға арнайы техника қолдануға тура келді. Ал, «Тойотаның» жартылай зақымдалғаны болмаса жүргізушісі дін аман.