«Құрастырмалы пирамида» Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар


Бұған дейін 2011 жылы 21-24 ақпанда Алматыда өткен Әлем чемпионатына 13 елдің 64 спортшысы қатысқан болатын. Онда Қаныбек Сағындықов 3-ші, Азат Түменов 8-ші, Қуаныш Абпасов, Әуез Елубаев,. Әлихан Қаранев, Ернар Шымбаев 9-12, Алмас Әбсейт, Александр Власихин, Арби Муциев, Әлібек Омаров 19-23, Самат Гинаятов, Әділ Дияс, Дмитрий Кириллов, Эмиль Мударисов, Нұркен Сүйкембаев, Айдос Туғанбаев, Дәурен Орынбаев 34-40, Гарри Акопов, Зайнаудин Бахтишат, Максим Пан, Мирас Сақтағанов 51-54 орынды бөліскен болатын. Бұл жолы жарысты ұйымдастырушылар 29 елге квота жіберіп отыр. Онда Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина елдері бес-бестен, Қырғызстан - 4, Әзірбайжан, Молдова, Финляндия үш-үштен, Армения, Грузия, Латвия, Литва, Өзбекстан, Германия екі-екіден, Түркменстан, Эстония, Израиль, Чехия, Сербия, Ұлыбритания, АҚШ, Польша, Словения, Болгария, Италия, Голландия, Бельгия, Қытай, Ауғанстан бір-бірден спортшы жібере алады. Оған сондай-ақ, жарысты ұйымдастырушы ретінде Ресейдің 3 спортшысы мен өткен жылғы Әлем чемпионы бұл квотадан тыс қатысатын болады.