Құрбан айт жақындады: Елімізде мал бағасы қанша?

Осыған орай Caravan.kz медиа-порталы мал бағасының ірі қалаларда қаншадан болып жатқанын анықтап көрді.

"Құрбандық дұрыс болу үшін бауыздалатын малға қатысты шариғатымызда мынадай талаптар қойылады: Құрбандыққа қой, ешкі, ірі қара немесе түйе шалу. Малдың еркегі де, ұрғашысы да жарайды. Еті көп, дәмі жақсы болғаны абзал. Ақауы жоқ, мінсіз малды құрбандыққа шалу. Белгілі жасқа жеткен малды құрбандыққа шалу. Қой мен ешкі бір жасқа жету керек. Үлкендігі бір жасар қойға ұқсас алты айға толған семіз әрі ірі қойды да құрбандыққа шалуға рұқсат етіледі. Ал, ірі қара екі жасқа, түйе бес жасқа толуы шарт", - дейді ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл.

Сонымен, ғаламтордағы сауда алаңдарына көз жүгіртіп көріп едік қойдың орташа бағасы 40-45 мың, ірі қара 300-350 мың теңгені құраса, жылқы 500 мың теңге жобасынан басталып тұр екен. Қасапшы қызметінің де саудасы жүріп тұрған секілді. "Шариғат бойынша мал соямыз. Құны 10 000 теңгеден" деген жарнамалар да көп-ақ.