Құрбан айтта елордада автобустар мен сауда орындары қалай жұмыс істейді

20 шілдеде елордада қоғамдық көлік жұмыс істейді, деп хабарлады CTS.

"Алдағы мереке күні, 20 шілдеде қалалық және қала маңына жүретін қоғамдық көліктің жұмысы тоқтамайды", - деп жазды ЖШС баспасөз қызметі.

Компания бетперде тағу режимін сақтау қажеттігін ескертті.

Жол ақысын қолма-қол есеп айырысусыз, яғни көлік картасымен, QR-кодты сканерлеу немесе көлік кодын енгізу арқылы ғана төлеуге болады.

Елордадағы сауда-ойын-сауық орталықтары да Құрбан айт күні жұмыс істейді.


Нұр-Сұлтан әкімдігі бұл ақпаратты растады. Еске сала кетейік, жұмыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтары сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері бұл нысандар жабық болады.