Естеріңізге салсақ, жазда ауылдан ұзап шыққан бір топ қыздың арасында қуыршақ үшін кикілжің туған. Сөйтіп, 3 құрбы арасындағы 9 жасар Аняны күртешенің жеңімен буындырып өлтірген еді. Қылмыс ізі суымай ашылып, сот 11 жасар екі қызды арнайы жабық мектепке жіберсе, 10 жастағысы тек тәртібі нашар ретінде тіркеуге алынған болатын. Бірақ қыркүйекте 11 жасқа толуына байланысты іс қайта қаралып, соңғысы да сол арнайы мектепке ауыстырылған. Ал білім бөлімі өкілдері мен бесіктен белдері шықпай кісі өлтірген қыздардың ата-анасы моралдық шығынды өтеуге түбегейлі қарсы. Айтуларынша, баланың істеген қылығы үшін ата-ана мен мектеп жауапты емес.