Телеарна мәліметтеріне сүйенер болсақ, Алматы облысында екі ай ішінде көптеген жайылымдар күйіп кеткен. Синоптиктердің тамыз айына жасаған болжамдары да көңіл көншітпейді. Алдағы күндері ауа температурасы 40 градустан көп төмен түсе қоймайды.
Осы мәселе жылына бір мәрте болатын Алматы облысының шопандарының съезінде талқыланды.
"Тек Алматы облысы ғана емес, Қазақстанның басқа облыстарының барлығында дерлік тамыз айы ыстық және құрғақ болады деп күтіліп отыр. ал шаруа қожалығының басшысы Емберген Жексенов оптимизмді сақтауға тырысуда. Ол тіпті болмағанда отарымен бірге биік тауға шығып кетемін, ол жерде шөп барлығына бірдей жетеді, деп отыр", - деп көрсетілген сюжетте.