Құрлық әскерлері еліміздің қарулы күштеріндегі қару-жарақ пен техникалық жарақтандыру бойынша ең дамыған түрі – қорғаныс министрі

«Жүргізіліп отырған әскери-техникалық саясат бойынша біз мемлекеттің қауіпсіздігін сақтау үшін қару-жарақ пен әскери техниканың қажеттігін анықтауымыз қажет», – деп атап көрсетті қорғаныс ведомствосының басшысы «Майлино» оқу-жаттығу полигонында (10810 ә/б), мұнда ҚР ҚК Құрлық әскерлері басшы құрамының төрт күндік жедел-әдістемелік жиыны өтті.

Жауынгерлік машиналар мен автотехника паркімен танысу барысында Ә, Жақсыбеков әскерлерде және әскери құрылымдарда бұл саясатты жүргізудің тиімділігі мен оны әскери-өндірістік кешенмен қамтамасыз етілуі қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігі мен қабілетінің артуына әсер етпек.

ҚР ҚМ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жиын барысында жедел және жауынгерлік әзірлікті жетілдірудің негізгі бағыттары қарастырылды. Құрлық әскерлерінің басшы құрамы дене тәрбиесі әзірлігінен сынақ тапсырды, далалық жаттығуларды жүргізудің әдістемесін, жылжымалы басқару пунктін орналастыру тәртібі мен миномет бөлімшелерінің жұмысын теория және тәжірибе жүзінде пысықтады.

«Мұнда далалық жаттығуға шыққан тыл, техникалық бөлімдер, артиллеристер, әуе шабуылынан қорғаныс, миномет бөлімдері атыс позицияларының жаттығуға жан-жақты әзірліктері байқалды», – делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Жаттығулардың соңында Ә. Жақсыбеков «сіздерде мәселені нақты әрі анық шешетін түсінік қалыптасқанына сенімдімін. Бұл дегеніміз жауынгерлік оқу, әскери тәртіп жағдайы, қару-жарақ пен әскери техниканың әзірлігі, бір сөбен айтқанда қарулы күштердің жауынгерлік қабілетінің кепілі екені сөзсіз», - деді.