Құрлықтық хоккей лигасы: плей-оффтың алғашқы жеңімпаздары анықталды

Лиганың Батыс конференциясында «СКА» (Санкт-Петербор), мәскеулік «ЦСКА» мен «Динамо» өз қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, келесі айналымға шықты. Ал Шығыс конференциясында әзірше «Ақ барс» (Қазан) командасы ғана «Нефтехимикті» 4:0 есебімен жеңіп, плей-оффтың жеңімпазы атанды.

Астаналық «Барыс» хоккей клубы болса, «Трактор» командасымен әлі бірнеше кездесу өткізеді. Себебі есеп 2:2 болып тұр. Ал плей-оффта жеңу үшін қарсыласты төрт рет ұту керек.