Құрманбек Бакиев ел президенті ретінде қызметке кірісті

Қ.Бакиевтің инагурациясы Бішкектің "Ала- Тоо" деп аталатын орталық алаңында болды.

Қырғызстан Республикасы президентінің ант беру шарасына 5 мыңдай адам қатысты.
Шараға шақырылған қонақтардың арасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, РФ Федералық кеңесі федералдық жиынының спикері Сергей Миронов, ТМД Атқару комитетінің атқарушы хатшысы Владимир Рушайло, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының атқарушы хатшысы Чжан Дэгуан, ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота, Ұйымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа, АҚШ коммерция министрі Карлос Гутиэррес, Тәжікстан үкімет басшысы Акил Акилов, Түркия қорғаныс министрі Вежди Гонул, Украина сыртқы істер министрі болды.