Бұл туралы белгілі пианист, фестиваль жетекшісі Тимур Урманчеев бүгін өткен брифингте мәлімдеді.
«Біз бүгін фестивальді биыл 80 жылдығын тойлағалы отырған керемет өнер ұжымы - Құрманғазы атындағы оркестр ашқанын дұрыс деп шештік. Бұл оркестрдің бармаған елі жоқ шығар және олар әр сапарында біздің ұлттық өнерімізді дәріптеп келеді. Ұжым Астанада үнемі өнер көрсетіп жүрсе де, өзінің жеке концертін әлі бермеген екен», - деп атап өтті Т. Урманчеев.
Оның айтуынша, фестиваль аясындағы концерт оркестрмен шектеліп қалмайды. Сондай-ақ, Шаба Әденқұлқызы,
Ерлан Рысқали,
Айгүл Қосанова сынды белгілі орындаушылар да қатысады.
Айта кетейік, фестиваль шеңберінде 5 концерт өткізу жоспарланған. Олар «Астана-Опера» мен Бейбітшілік және келісім сарайының концерттік залдарында өтеді. Концертте Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Италияның атақты әншілері өнер көрсетеді.
Фестиваль «Дегдар» гуманитарлық қорының қамқорлық жөніндегі төрайымы Дариға Назарбаеваның ұйымдастыруымен және жетекшілігімен өтіп отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба қайырымдылық мақсатта өтетіндіктен, барлық билеттер зал кассаларында тегін таратылады. Келемін деушілерге есік ашық.
Ресейлік атақты эстрада әншісі Лариса Долина Астанада 20-22 маусым аралығында өтетін «Астана кештері» ІІІ халықаралық өнер фестиваліне қатысады.
«22 маусым күні Астана тұрғындары мен қонақтары ресейлік танымал әнші Лариса Долинаның өнерін тамашалауға мүмкіндік алады. Концерт Бейбітшілік және келісім сарайында кешкі сағат 19:00-де басталады. Менің ойымша, бұл естен кетпес керемет кештердің бірі болады», - деді Т.Урманчеев.
«Астана кештері» фестивалі аясында 5 концерт ұйымдастырылады. Оларға Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Италия елдерінің танымал әншілері қатысады.
Бұдан бұрын екі рет ұйымдастырылған фестиваль кеңінен танымал болды. Оларды дүние жүзіне белгілі музыкант Святослов Бэлза жүргізді. Алғашқы фестивальді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамашалаған болатын.