С.Землюктің айтуынша, бұл жоба аясындажыл сайын 60 млн. тонна мұнай өндіру көзделген.
Компания вице-президенті сондай-ақ 2005-жылдың аяғына дейін Роснефть Құрманғазы кенішін игеру жөнінде Қазақстан үкіметімен мәмілеге келгелі отырғанын еске салды.
С.Землюк Құрманғазы жобасы Роснефть компаниясының шетелдік негізгі жобасы екенін, бірақ оны орта мерзімді перспективада жүзеге асыру көзделіп отырғанын жеткізді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Құрманғазы құрылымын "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ мен Ресейдің "Роснефть" мұнай компаниясы бірлесе игеруге келіскен. Қазақстан және Ресей үкіметтерінің бұйрығымен екі компания да 2002-жылы Құрманғазы жобасы бойынша уәкілетті ұйымдар ретінде анықталған.
"Роснефть" бірлескен жобаның 25 проценттік үлесін, "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ 50 проценттік үлесін иемденсе, қалған 25 процентін опцион бойынша Ресейдің "Зарубежнефть" компаниясы сатып алған.
2003-жылы бұл жобаға қатысуға ниет білдірген көптеген компаниялар арасындағы тендер қорытындысы бойынша "Total Қазақстан" компаниясы ең таңдаулы нәтижелер көрсетті.
Құрманғазы құрылымынан алынатын болжамды мұнай қоры шамамен 1 млрд. тоннаны құрайды. Оны барлау жұмыстарына 2 жыл, ал бағалау және коммерциялық ашылуын жариялауға 3 жыл, кенішті жайластырып өнім өндіре бастауға 4-5 жыл сарп етіледі деп күтілуде. Көмірсутегі шикізатын коммерциялық мақсатта өндіру тек осыдан кейін ғана басталады. Құрманғазы құрылымындағы екі ұңғыны бұрғылау, 2D сейсмикалық жұмыстары мен бағалауды қамтитын бастапқы бағдарламаны жүзеге асыруға 50-70 млн. доллар қажет. Қаржыны әріптестер тең бөліп шығарады.