«Отан-Ана» монументіне қарай келе жатқан бұл желтоқсаншылардың өздері аға буын өкілдері, 50-ді алқымдаған азаматтар. Қолдарында құшақ-құшақ гүлдері, еліміздің желбіреген көк туы бар. Сарыарқаның сары аязы мен азынаған желі оларға бүгін бөгет бола алмады. Қаза болған замандастарын 1 минут үнсіздікпен еске алды, құран бағыштады. Тек, шараға қатысуға ниет танытқан желтоқсаншылардың өздерінен басқа артық адам көрінбеді.
Құрманғазы Рахметов, Желтоқсан оқиғасына қатысушы:
-Бұл бәрімізге қасиетті мынау тәуелсіздігімізден бұрын тұрғызылған шыршалардың өзін табиғат құлатып жатыр. Ал енді мынадай ызғарлы күнде келмегенге бәріне хабарлама жібергенбіз.