«Құрметті азамат» атағын қаншаға сатып алуға болады?

Мақтау мадақтауға жаны құмарлар бұның да шешімін тауып үлгеріпті. Қаржыңыз жетіп жатса Қазақстанның құрметті азаматы болуыңыз қиын емес.

Бұл туралы 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы хабарлайды.

Өнер адамдарының бір сыпырасы алып үлгерген Қазақстанның құрметті азаматы деген атақты сатып алуға да болады екен. Нақтырақ айтқанда, марапатты алғаннан кейін қайырымдылық мақсатына деп бір миллион екі жүз мың теңге төлеуіңіз керек.

Бірақ, оның кімдерге берілетінін комиссия шешеді дейді комитет өкілі. Ал, Қазақстанның құрметті азаматы атағын алғандар арасында «Жігіттер» квартеті бар. Тіпті бұл марапатты топтың продюсері де қанжығалаған. Сонда бес жігіт сыйлық үшін жеті миллионға жуық теңгені бере салды ма деген сұрақ туады.

ЕРҒАЛИ ӘБДІРАЙЫМОВ, «Жігіттер» квартетінің продюсері:

– Құдай сақтасын ол жеті миллион болса жеті миллионға әжептәуір дүние жасауға болады ғой. Ол жаңағы қарап отсаңыз құрметті жаңағы ешкімнен сатып алып құрметті бола алмайсың ғой. Бұл жерде мен оны білмедім оны сатылады деп жатқан дүниені.

Продюсер марапатты аларда жігіттермен біраз ақылдасқанын айтты. Атақтың дәл осындай түрі бар екенін естігенде қатты таңқалғандардың бірі журналист Жұлдыз Әбділдә. Ел азаматтарының атақ құмарлығын Жұлдыз қанымызда бар деп есептейді.


ЖҰЛДЫЗ ӘБДІЛДА, журналист:

– Осы Қазақстанның құрметті азаматы деген атақты алып жатқан адамдар сонда мына басқа азаматтар құрметсіз ба деген сұрақты өздеріне бір рет қою керек деп ойлаймын. Қаншама адамдар еңбек етіп жатыр. Және оны солай ақша төлеп алғандарын айтпай жаңағы Алланың қалауымен деп айту енді ол өте күлкілі.

Қазақстанның қоғамдық наградалар мен атақтар комитеті қазақтың көк байрағын өздерінің мөріне айналдырып заңды белшеден басып отыр дейді желі қолданушылары. Әнші Ердос Қанаев өзі алған марапатты әлеуметтік желіге жариялап жұғысты болсын деп жазба қалдырыпты. Алайда оның жұғысты болуын қалтаның қалыңдығы ғана шешетіні қынжылтады.