Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
«Құрметті орыстар, Қазақстанда жер көп. Бірақ ол сендердікі емес. Келмеңдер!», - деді видеодағы өз сөзінде Алмат Сақатов.
Әзіл күйінде түсірілген бейнекөріністің терең астары бар.
Еске салсақ, соңғы кездері Ресейге салынған санкция салдарынан елімізге көрші ел азаматтары көптеп келіп жатыр. Көпшілік бұл Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне төнген қауіп деп бағалап жатыр. Сондықтан биліктен көші-қон процесін реттеуді талап етуде.
«Әй жарайсың, ағасы, сіздей азаматтарымыз көп болғай!», «Ел шетіне жау келсе атқа мінер азаматтарымыз, батырларымыз аман болсын», «Өз жеріміз өзімізге», ""Рас орыстар қаптап бара жатыр, не істейміз, билік үнсіз",- деп жазды оқырмандар.