"Өткен бесжылдықта бiз 200 жобаға 1,5 млрд. доллар инвестиция құйдық. Құрылыс индустриясына инвестициялайтын адамдар өз елдерiнiң патриоттары, олар ұлттық экономиканың дамуына және өз өнiмдерi сұранысқа ие болатынына сенедi", - деп атап өттi ол.
Вице-министрдiң айтуынша, бiрiншi бесжылдықта жалпы 20 млрд. доллар инвестиция салынған болса, оның 1,5 млрд. доллары құрылыс саласына бағытталды.
"Барлық жолдарды, метро және өзге де салаларды санағанда - бұл жаман көрсеткiш емес. Екiншi бесжылдықта 14 сектор анықталды. Барлығы - 6 сала. Мемлекет басшысы атап көрсеткенiндей, оның iшiнде құрылыс саласы үлкен маңызға ие. Бiзге жаңа буын өнiмдер қажет. Жасыл технологиялар қолданылуы тиiс", - дейдi А.Рау.
Бiрiншi бесжылдықта құрылыс саласының дамуы жақсы қарқын көрсеттi. Өнеркәсiп өндiрiсi қаржы көлемi бойынша 1,5 есеге артты. Жалпы қосымша құн көлемi 1,5 есеге өскен. Құрылыс саласындағы отандық материалдардың үлесi биыл жыл соңына дейiн 74-75 пайызға жетедi деп күтiлуде.