Құрылыс саласына берілген банк несиелері 4,5 есе азайды

"Егер былтыр өнеркәсіп саласына берілген жалпы несиелер көлемі 4,2 процентке кемісе, биыл бұл көрсеткіштің өсімі 33 процентті құрады. Ал құрылыс саласына берілетін несиелер көлемі кеміді. Егер былтыр құрылыс саласына берілген несиелердің өсімі 122,7 процент бола, биыл ол 26,5 процентті құрады",- деді агенттік төрағасы.

Б.Жәмішев құрылыс саласындағы несиелер көлемінің азаю себептерін ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің ипотекалық несиелер беру қарқынының артуына сәйкес тәуекелдердің артуына байланысты екінші деңгейлі банктерге қатысты қолданған шаралармен сабақтастырады. Дегенмен, оның айтуынша, нормативтік талаптарды күшейту құрылыс компанияларына берілген несиелер көлемін төмендетуге әсер еткен факторлардың біреуі ғана. "Нарықта бір ғана фактор ахуалға жалпы әсер ете алмайды",- деді ол құрылыс саласына берілген несиелер көлемінің азаюына ықпалын тигізген өзге факторлар туралы түсініктеме бермей.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ел экономикасына жұмсалған банк несиелері бойынша жалпы берешек көлемі 2005-жылғы тамызда 3,2 процентке артып, 2037 млрд. теңгеге жетті. Экономика салалары бойынша алғанда ең жоғары көлемде несие беріліп жатқан салаларға мыналар жатады: сауда саласы (25,7%), өнеркәсіп (17,3%), құрылыс (11,7%) және ауылшаруашылығы (6,5%).