"Біздің есебімізше, импорт көлемі 2011 жылы екі есе азаюға тиіс. Жұмыртқа өндіруден мемлекет өз сұранысын қанағаттандырғанымен, кейінгі кезде тұтыным арта түсуге байланысты елімізге жұмыртқа сырттан әкелінуде", - деді Р. Тоқсейітова.
"Ал құс етіне келсек, бүгінгі күні тұтынылатын көлемнің небәрі 30%-ын өз елімізде өндіріп, 70%-ын сырттан әкелетіндіктен, бұл салада атқаратын шаруа көп", - деді Р. Тоқсейітова.
Осы орайда ол мемлекет тарапынан құс шаруашылығы саласына ауқымды көмек көрсетіліп отырғанын, атап айтсақ, ағымдағы жылдан бастап бірінші рет жұмыртқа өндірісіне арналған құрама жемнің құнына субсидия бөлу жөніндегі бюджеттік бағдарлама жүзеге асырыла бастағанын жеткізді.
"Жалпы субсидиялар көлемі 5,7 млрд теңгені құрады, біз бұл көлемді одан әрі ұлғайта түспекпіз", - деді Р.Тоқсейітова.