Құс тұмауының өршуіне байланысты туристерге аса сақ болуға кеңес берілді


Осыған байланысты шенеуніктер қауіпті аймаққа бармауға кеңес беріп отыр. Ал көптен жоспарлап қойған демалысын бұзғысы келмейтіндер сақтық шараларын күшейткені абзал. Базарлар мен су қоймаларындағы құстардан аулақ жүріп, көшедегі кез-келген дәмханадан тамақтанбағаны жөн. Соңғы мәліметтерге қарағанда Қытайда құс тұмауын жұқтырғандар саны қазір 150-ден асқан. Оның үстіне вирус мутацияға ұшырағандықтан дәрігерлер оның жаңа штаммдарын тіркеуде.