Өзін-өзі президенттіке ұсынған Құсайыновтың тек Астанада болмаса, басқа өңірлерде тұрақты штабы жоқ. Десе де 21 адамнан құралған сенімді өкілдері қазір елдің түкпір-түкпірінe барып, насихат шарасын аяқтауға жақын. Таяу күндері кандидат сайлау комиссиясына есеп бермек. Әбілғазы Құсайыновты аландататын мәселе – Қазақстан экология мен өндірістік қауіпсіздіктің сақталмауы.
Loading...