Шығыстағы шаһарда сайлаушыларымен кездескен ол автокөлік түтінінен келетін зардаптарға тоқталды. Өскемендегі «Алтай» технопаркінде өткен кездесуде Әбілғазы Құсайынов үгіт-насихаттан бұрын алдымен өзінің өмір жолынан сыр шертті. Сонан соң елдегі тұщы судың тапшылығы мен автокөліктерден шығатын улы түтіндер жайына көшіп, осы олқылықты жою жолында жұмыла жұмыс істеуге шақырды. Сонымен бірге ел экономикасын жетілдіру жөніндегі ойларымен де бөлісті.
Loading...