Құсайыновтың оңтүстік өңірде 19 сенімді өкілі бар. Белсенді топ мүшелері облыстағы барлық аудандарда кандидатқа дауыс беруге үндейтін үнпарақтар мен билбордтарды ілді. Сонымен қатар, тұрғындармен кездесулер өткізіп, үміткердің бағдарламасын бүге-шігесіне дейін түсіндіруде. Қоршаған орта жанашырының пікіріне атүсті қарауға болмайды дейді олар.
Ілия Бекбосын, Ә.Құсайыновтың ОҚО бойынша сенімді өкілі:
–Бұл кісінің көтеріп отырған экологиялық және өнеркәсіп қауіпсіздік мәселелері Қазақстан үшін, оның ішінде біздің аймақ үшін өзекті деп санаймын. Біздің штаб үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Loading...