Құшағындағы сәбиімен көлік айдаған әйел жұрттың ашуын туғызды - видео

"Бүгін бір сұмдықты көріп жағамды ұстадым! Тұран даңғылынан Сығанақ көшесіне бұрыла бергенімде, оңға қарасам, кішкентай сәби рөлде отыр! Содан соң әлігі сәбиді ұстап, ұялы телефонына қарап, көлікті айдап келе жатқан анасын көрдім!" — деп жазды елорда тұрғыны Ирина Осокина Facebook желісіндегі "Астана — хочу похвалить/пожаловаться" тобында. 

 

Кейінірек полиция осы видеоға қатысты пікір білдірді. Астана ішкі істер департаменті баспасөз хатшысы Софья Қылышбекованың мәліметіне сүйенсек, жүргізушінің кім екені анықталған. Әйелге қатысты ҚР ӘҚБК 593-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жол жүру ережесін бұзғаны үшін 5 АЕК көлемінде (12 мың теңгедей) айыппұл салынады.