“Құшақтап жылағанда жүрегім шыдамай кетеді” - Айгерім Мамырова құпиясымен бөлісті

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

- Соңғы рет қай кезде жыладыңыз? Кім үшін жыладыңыз?

- Кеше ұзатуда жыладым. Қызды шығарып салып тұрғанда жүрегім елжіреп кетті. Шынымен қыз әкесін құшақтап жылағанда, жүрегім шыдамай кетеді. 

Мұңаятын сәттеріңіз жиі болады ма?

- Анда-санда болып тұрады. Қолым тигенде бір мұңайып аламын, былай көпте қолым тие бермейдді ғой негізі.

Бетіне операция жақындатпаған жалғыз әнші сіз шығарсыз иә?

- Мен тіпті тіс емдетуге укол салдыртуға қорқатын адаммын. Жасым мыңға келсе де әлі қорқамын. Дәрігерім бүгін бос емеспін десе, қуанып алды-артыма қарамай қашатын адаммын.

Жақында жаңа әндерімен тыңдармандарын қуантқан әнші, бейнебаянға дайындық үстінде екендігін жеткізді.