Құтқарушылар 200-ге жуық адамды қар құрсауынан шығарып, жүкті әйелді босандырды

деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Өткізілген апаттық-құтқару жұмыстарының барысында ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД-нің және «Қазақавтожолдың» ДЭУ-16 күшімен 130 адам мен 60 техника бірлігі қауіпсіз жерге көшірілді.

Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облысында жол және өртке қарсы күрес қызметінің күшімен «Семей-Қайнар» тас жолының 47-ші шақырымында қар құрсауында қалған 5 көліктегі 7 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Березовка ауылының «Өскемен-Шемонаиха» тас жолында бірқатар автомобильдер қар құрсауында қалып қойды. Жол және өртке қарсы күрес қызметінің күшімен 7 адам Первомайка ауылына көшірілді. «Семей-Өскемен» жолының 107-ші шақырымындағы «Оазис» дәмханасының қасында қар тұтқынына 15 көлік түсті. Жол және өртке қарсы қызметтің күшімен 15 адам жол бойындағы дәмханаға жеткізілді. Жол қардан тазартылды.

«Алматы-Өскемен» тас жолының 20-шы шақырымында қар құрсауында бір көлік қалып қойды. Жол қызметі және Жарма аудандық ТЖБ күшімен ол құтқарылып, бағдары бойынша жіберілді; «Өскемен-Зырян» тас жолының 15-ші шақырымында 15 көлік қар тұтқынынан босатылды.

«Семей-Курчатов» тас жолында ТЖБ және ҚР ІІМ Курчатов қалалық ІӘ әскери бөлімінің күшімен қар құрсауынан 3 көлік шығарылып, 36 адам Курчатов қаласына қауіпсіз жерге көшірілді. «Өскемен-Алматы» тас жолының 50-ші шақырымында қар құрсауынан 5 көлік шығарылды. Қазіргі кезде жол тазартылды.

Песчанка ауылының аумағндағы «Шемонаиха-Бородулиха» жолында «Өскемен-Барнауыл» бағытымен келе жатқан автобус жолдан шығып кетті. Жол қызметінің күшімен автобус Бородулиха ауылына жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ.

ШҚО-ның Ұлан ауданындағы Майлыс учаскесінде ауыр босану болды - «Шығыс аймақтық жедел аэромобильдік құтқару жасағы» ММ-нің, санитарлық авиацияның 3 дәрігерінің күшімен анасы мен баласы Өскеменнің перзентханасына жеткізілді. Семей қаласынан 52 шақырым жерде орналасқан Талица ауылында жүкті әйелді құтқару автомобилімен жеткізу кезінде ол босанды. Анасы мен нәресте Семей қалалық перзентханасына жеткізілді.