Құтқарушылар А320 ұшағы апатқа ұшыраған жерден алғашқы мүрделерді алып шықты


Бұл туралы немістің DPA агенттігіне Франция полициясының өкілі хабарлаған. Ол құтқарушылар қанша адамның мәйітін жеткізгендерін айтпады.

Барселона-Дюссельдорф бағытымен ұшқан А320 лайнері сейсенбі күні Прованстағы Альп тауының Труа-Эвеше сілеміндегі Эстроп шыңы маңында апатқа ұшыраған. 144 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі қаза тапты. Көз жұмғандардың көбі Германия және Испания азаматтары.