Бұл – «Алматы-өрт 2015» оқу-жаттығуының сценариі. Бүгін шұғыл құтқару қызметі осылайша дайындықтарын пысықтады. Сценарий бойынша, Алма-Арасан шатқалынан шыққан өртті туристер байқап, дереу 101-ге хабар береді. Кейін 40 минутта жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтауға кіріседі. Десе де, күш алған тілсіз жау таудың теріскей бетіне көшкөн соң, өртті тікұшақпен сөндіруге тура келді. Ақыр соңында 3 сағат дамылсыз арпалыстан кейін қызыл жалын толықтай сөндірілді.
Жанат Ақжолов, Алматы қалалық ТЖД бөлімінің бастығы:
-Жаттығуға 27 әртүрлі техника, 150-ден астам адам және бір тікұшақ қатыстырылды.Өрт қауіпті уақыт жақындағанға байланысты оқу жаттығу жұмыстарын өткізудеміз. Оның үстіне тауда шыққан өртті сөндіру өте қиын.
Loading...