Құтқарушылар Эльбрус шыңында екі альпинисті іздестіріп жатыр


«Хабар бізге мәскеу уақытымен 17:00-де түсті. Топ жетекшісі  Андрей Березин  альпинистердің 4,9 мың метр биіктікте болғандығын, көрінімнің нашарлығынан бағыттарынан адасқандықтарын жеткізді»,-дейді  бөлімше бастығы.

 Шыңға шығар алдында бұл топ  құтқарушыларға тіркелген. «Украина азаматының есімі Николай, ал екіншісі  Мәскеу тұрғыны Елена Серебрякова. Пятигорскіден олардың жетекшілері Андрей Березин келді»,-деп түсіндірді Хаджиев.