Құтқарушылар су қоймаларын күн сайын бірнеше рет аралап шығады. Ақтөбеліктер ескерту белгілеріне қарамастан, тыйым салынған жерлерде жиі суға түседі. 8 шілдедегі рейд кезінде олар қалалық жағажайдан тыс Бурляшка деген жерде 14 жастағы жасөспірімді құтқарып алды.
«Баланың жолы болды. Ол суға батып бара жатқан кезде құтқарушылар сол маңда болған. Бір топ жасөспірім тыйым салынған орында ата-аналарынсыз суға түскен. Дәл сол күні құтқарушылар Тарзанкада судан 33 жастағы әйелдің мәйітін алып шықты. Анықталғандай, ол ішімдік ішкен», - деді суда құтқару қызметінің сарапшы-құтқарушысы Оксана Кичигина.
Ақтөбе маңындағы суға түсуге ең қауіпті орындар - Россовхозға баратын Ілектегі көпір, Заречныйға баратын көпір асты, Бурляшка, жаңа және ескі жер снарядтары мен Ақтөбе су қоймасы - мұнда тек жағажайда суға түсуге болады. Қалған жерлерде шұңқырлардың тереңдігі 36 метрге дейін жетеді.
Құтқарушылар тәулік бойы кезекте. Ақтөбе қоймасындағы құтқару стансасының телефондары - 24-41-17, Ілекте - 24-41-18.