Құтқарушылар Оралдағы мұнараға шығып, сес көрсеткен еркекті жерге түсірді

Оралдық құтқарушылар мұнара шығып, сес көрсеткен ер адамды жерге түсірді.


           Жерге түскеннен кейін дәрігерлік тексеруден өткен оны полиция қызметкерлері алып кетті.
           Агенттік тілшісінің айтуынша, мұнараға шыққан ер адам жуырда түрмеден босап шыққан көрінеді.
           «Ол түрмеде жазасын өтеп жүргенде бір қызбен танысқанын айтыпты. Босап шыққаннан кейін әлгі бойжеткен онымен кездесуден бас тартыпты. Сүйіктісіне ренжіген еркек мұнараға шығып, бойжеткен келіп кешірім сұрамайынша осы жерден түспеймін деп сес көрсетті», - дейді тілшімізге сұхбат бергендердің бірі.