Құтқарушылар Шығыс Қазақстан облысындағы тауларда ресейлік туристер тобын іздестіруде

Министрлік ақпаратына сәйкес, 25-тамызда 20 сағат 10 минута РФ төтенше жағдайлар министрлігінен Белуха тауы жақ бетте Ақ Берел шатқалының маңындағы Кур-Кура асуынан өтіп бара жатқан 9 адамнан құралған туристер тобының үстінен тастар құлағанын хабарлаған. Соның салдарынан 47 жастағы еркек пен 41 жастағы әйел үйінді астында қалған. Дәлелденбеген деректерге сәйкес, қалған 7 адам өз беттерімен Ресей аумағына оралған.

26-тамыз күнгі 12 сағат 25 минуттағы жағдаймен оқиға орнында іздестіру-құтқару шараларын жүзеге асыру үшін ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің Шығыс аэромобильді отрядының 6, ҚР төтенше жағдайлар министрлігі өрттен құтқару қызметінің 5 адамынан құралған құтқарушылар тобы "Ми-8" тікұшағымен жіберілді.
Туристерді іздестіру жұмыстары жалғасуда.