Құтқарушыларымыз «Протон» құласа не істейді?

Жаттығудың тақырыбы: «Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран тасығыш апатқа ұшыраған жағдайда құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмысқа дайындық және оны жүргізу».

«ТАЖ штабы Шет ауданы Ақжал кентінде орналасқан. Оқиға былай өрбиді, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон» зымыран-тасығышы ұшып шыққаннан соң 194 секунд өткенде оқыс жағдай орын алады. Апат салдарынан «Протон» ауада жарылып, аппарат сынықтары елді мекенге құлайды. Бұл ретте үй қирап, үйінді астында адамдар қалып қояды»,
делінген хабарламада.

«Сондай-ақ ауыл маңына РН жүрдек блогының сынықтары құлайды. Құлаған жерде шұңқыр пайда болып, айналасына өрт жайылып кетеді. Сонымен бірге зымыран отыны төгіледі.

Протон сынықтары әкімшілік-тұрмыстық кешен ғимаратын  да зақымдайды. Құлаған ғимарат астында үш адам қалуы мүмкін.


Жаттығуда ТЖ аймағын қоршау, ықтимал зақымданған аймақтарға барлау жүргізу, зымыран отыны зақымдаған аумақты залалсыздандыру, өртті ауыздықтау, зардап шеккендерді іздестіру мен құтқару шаралары орындалды», - деп атап өтілген хабарламада.

Мұндай жаттығулар зымыран-тасығыш ұшырылатын тас жол маңында орналасқан облыстың басқа да аудандарында жүргізілді.