Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Қыдырәлі мырза үй салып жатқанын айтып, желіге видео жариялады.
"Ассалаумағалейкүм ! Қасиетті жұма мүбарак болсын ! Ниет-тілектеріңіз қабыл болсын ! Өзімізге жақсы көрші іздейміз !...Қасиеті көп ауылда өскен балалар-үй салғысы келіп тұрады. Жеке үй ит ұстасаң болды,ауылда тұрғандай әсер береді. Аула,алтыбақан,турник, Алла бере салғандарың ойнайтын алаңқай, құлыншақтарың ойнап, дос болатын ит асырау,( бала үшін ит асырау-өте маңызды дер едім, кісінетіп бір-екі жылқыны қорада ұстап, Қарақат дайындаған "сіп-свежий" қымыздан күнде ішіп, жорғаңды мініп жорғалатсаң...) Әп-әдемі арман,келісесіз бе ? Қандай қиындық көрсеңізде,-әдемі армандаңыз....Осыным қалай кетті", деп жазды Қыдырәлі мырза.