"Үлкен қауіп тудырмайтын қылмыстарды әкімшілік құқық бұзушылықтар санатына жатқыза отырып, қылмыстық заңнаманы декриминализациялау жұмыстарын жалғастыру керек", - деп мәлімдеді И. Меркель.
"Декриминализация қылмыстық тергеу органдарына өз күш-жігерлерін аса қауіпті қылмыстарға бағыттауға мүмкіндік берер еді. Ал соншалықты маңыздылығы жоқ қылмыстар әкімшіліктік тұрғыдан ықпал ету шаралары арқылы да қамтамасыз етіле алады", - деп түсіндірді ол.
И. Меркель көптеген шетел мемлекеттерінде қылмыстық іс-әрекеттерге тек қоғамға шын мәнінде қауіп туғызатын қылмыстар ғана жатқызылатынын атап көрсетті. Ал қалған жағдайларда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
"Әртүрлі алаяқтық іс-әрекеттермен байланысы жоқ салықтан қасақана емес жалтару кезіндегі қылмыстық жауапкершілікті әкімшілік жауапкершілікпен алмастыру бұған айқын мысал бола алар еді. Оның үстіне, біздің Қылмыстық кодексте жазалау мөлшері әкімшілік жаза мөлшерінен соншалықты алшақ кетпейтін баптар баршылық", - деді бас прокурордың орынбасары.