"Ем қонып тілі тас жарсын" деген ырыммен видео тарап кетті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
Видеода мал сойылып, малдың өңешімен (оқырмандардың жазуы бойынша), шамамаен 2-3 жасар баланың тілі шықсын деген ырыммен қылқындырып жатқаны түсірілген. Бұл ырым сөйлемей жүрген бала, сөйлеп кетеді-мыс. Кейбір оқырманадар оны шикі ішек дегенді айтуда.
"Тілі шықпай жүрген балаға нағашылары қойдың қызыл өңешімен жасайтын ырымы", "Ем болсын. Тілі сайрап кетсін", "Қазақтың ежелден келе жатқан дәстүріне ешкім ештеңе айтпасыншы", "Алла осындай ширктен сақтай гөр!", "Байқамай өлтіріп алса ше?", "Қылқындырып тіл шығару деген қандай ырым бұл", "Жабайылықты қойып, лор дәрігерге бару керек қой", деген сынды түрлі пікір жазды оқырмандар.
Loading...